“Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2024”

2024 жылдың 19 желтоқсаны күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен және Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2024” кәсіби байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: ауылдық мектептерде қызмет ететін бастауыш сынып мұғалімдерінің үздігін анықтау. Аталған байқауға бастауыш сынып мұғалімі Бекзада Сирековна Калиф “Ұстаз жетістігі”, “Үздік сабақ моделі” кезеңдері бойынша үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді. Көктемгі каникул кезінде Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа арналған жолдамамен марапатталды. Бекзада Сирековна, Сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтап, шәкірттеріңіз бен мектебіміздің жас педагогтеріне үлгі бола беруіңізге тілектеспіз!

Қосымша ақпарат көздері