«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-нде «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібі бойынша қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі талқыланды. Мектеп директоры Шаметова Р.К. ата-аналарға қауіптердің алдын алу үшін не істеу керектігіне тоқталып, жадынамалармен таныстырды, ұсыныс-кеңестер берді. Ауданның аға прокуроры Амангельдиев А.Б. ата-аналардың назарын буллинг және кибербуллинг мәселесіне аударып, балаларға қандай қауіп-қатер әкелетінін айтты. Сынып жетекшілері Кумарова А.М, Утешева А.М, Габдулкадиров О.А телефон құрылғыларында ата-ана бақылауы сүзгілерін қалай қолдануға болатынын түсіндірді. Мектеп психологтары Тайжан А.Ж, Ивахова Н.С ата-аналарға жадынама таратып, кеңес берді. Сонымен қатар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес, ТІ жөніндегі директор орынбасары Сатыбалдина З.И білім алушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апта сайынғы сынып сағаттары аясында 10 минуттық «Қауіпсіздік сабағы» енгізілгендігіне, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған «Өнегелі 15 минут» бастамасының баламен шынайы жүректен әңгімелесу оның өзіне деген сенімін нығайтуға, маңызды өмірлік құндылықтарды меңгеруге және дұрыс тәрбие алуына көмектесетіні туралы айтты.

Қосымша ақпарат көздері