Анықтамасы

«Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ- нің 2023-2024 оқу жылында мектеп психологінің 1- ші жарты жылдық бойынша жүргізілген  жұмыстарының

Анықтамасы.

Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты:

-Білім алушының жас ерекшелігіне қарай оқыту, тәрбиелеу және рухани адамгершілік дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, психологиялық денсаулығын қамтамассыз ету.

-Жалпы мақсаттар мен ұстанымдар: мектеп жоспарлары және оларды іске асыру бағдарламалары, қызмет нәтижелерін талдау негізінде педагогтар ұжымымен жіне ата-аналармен өзара байланыс, ынтымақтастық қамтамассыз ету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

-Білім алушының жас жіне жеке психологиялық мүмкіндіктерінің дамуына қолайлы жағдай туғызу.

— оқу және дамуында қиындық сезінетін оқушыларға психологиялық педагогикалық көмек ұйымдастыру.

-Әр білім алушының әлеуметтік өмірге барынша бейімделген үйоесімді тұлғаны қалыптастыру.

— білім алушының зияткерлік дамуын қамтамассыз ететін барлық психикалық үрдістердің дамуына ықпал ету.

— Білім алушының жалпы психикалық , әлеуметтік және психологиялық дамуын бақылау.

Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында 1-ші жарты жылдық бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізіліп жүзеге асырылды.

Қыркүйек айынан бастап Мектепке жаңадан келген оқушылардың тізімі жасалынды, олардың мектепке, жаңа ортаға бейімделуі бақыланды.

Мектепте жаңа оқу жылында мұғалімдердің психоэмоционалдық күйлері бақыланды.

Сынып жетекшілердің сұранысы бойынша оқушылармен жеке кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Сынып жетекшілерімен әлеуметтік жағдайы төмен және қиын жағдайға тап болған отбасында тәрбиеленуші оқушыларды анықтау мақсатында сұраныс тастау, анықтау және әңгіме жүргізу жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілеріне психолог көмегін қажет ететін отбасылар мен оқушылар анықталған жағдайда сынып жетекшісі не істеу керек екендігі айтылды. Жалпы ата-аналар жиналысында психологтың жылдық жұмысымен таныстырылып, ата-аналарға тренинг жүргізілді.

«Психолог бұрышы» стенді пайдалы ақпаратпен толтырылды.

Сенім телефоны,  сенім жәшігі жұмысымен оқушылар ақпараттандырылды. Сенім» телефондары жарнамаланып, көрнеу жерлерге ілінді.

1-ші сынып оқушыларына Керн Иерасек әдістемесі, «Менің класым» жобалау тесттері,     Г. Кумаринанің проективті әдістемесі жүргізілді. Әдістеме мақсаты: Оқушылардың бейімделуін анықтау. Оқушылардың бейімделуі бір қалыпты, шеттетілген оқушы жоқ.

Профилактикалық алдын-алу бақыты бойынша: «Отбасы- ол бүкіл әлем» ҚР отбасы күніне арналған бейнебаян әлеуметтік желіге таратылды.

Психикалық денсаулық дегеніміз не? Психикалық денсаулық күніне арнап әлеуметтік желіге бейнебаян таратылды.

Буллинг, Кибербуллингтің алдын-алу үшін оұушылар мен ата-аналардың назарына әлеуметтік желіге бейнебаян таратылды.

7 «А» класс оқушыларына «Буллингтің алдын – алу» бойнша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Бақыт құпиясы» акциясы аясында 2 «А» класс оқушыларына  «Бақыт құпиясы неде?» деген тақырыпта сурет салу ұсынылды. оқушыларға тренинг жүргізіліп, түсінік берілді.

Түзету дамыту жұмыстары бойынша: «Үй тапсырмасын орындауда балаға қалай көмек беремін?» жадынамасы 1- ші класс жетекшілердің ватсап желілеріне жіберілді. Өз класс оқушыларының ата-аналарын жіберу тапсырылды.

5 «А», 5 «Б» класс оқушыларына «Менің сыныбым» тесті жүргізілді. Мақсаты: бейвербалды интеллектті өлшеу.

Қазан айының 2- ші аптасында 5-ші  кластарға орта буынға бейімделу кезеңінде психологиялық қолдау көрсету жұмыстары аясында психодиагностика бағыты бойынша Н.Г.Лусканов сауалнамасы жүргізілді. Сауалнама мақсаты: оқушылардың оқу мотивациясы деңгейін бағалау. Оқушылардың класс ішіндегі орнын анықтау үшін Л.П.Пономаренконың «Менің класым», «Ағаш» тесті алынды. 8-11 класс оқушыларына Стресс, депрессия , мазасыздық деңгейін анықтауға ДАСС сауалнамасы, Зунге сауалнамасы  алынды. Жүргізілген жұмыстар  нәтижесі сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне және ата-аналарға сұраныс бойынша  таныстырылды.

Профилактикалық алдын алу бағыты бойыншы қыздар арасында «Жыныстық қолсұлмаушылық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: ерте жүкіліктің алдын алу (7-11 класс қыздарымен ). Суицид алды мінез-құлықтың белгілері» тақырыбында мұғалімдер чатына жадынама таратылды. Қазан айында ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен ата-аналарға «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі» «Отбасым- тал бесігім» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста ата-аналарға тренинг жүргізілді, бейнеролик көрсетілді, сауалнама толтырылды.

Түзету- дамыту жұмысы бойынша: 20 балаға психологиялық көмек көрсетіліп, жұмыстар жүргізілді. Сабақтан  себепсіз қалған оқушылармен әңгіме жұмыстары жүргізіліп, бақылауда болды.

Білім беру мекемесінде оқушыларды психологиялық сүйемелдеуге ата-аналар келісімі жөнінде анықтама алынды. «1 класс оқушыларының ата-аналарына ұсыныстар» жадынамалар таратылды.

Әлеуметтік желіге : «Өмірге оң көзқарас қалыптастыру», «Буллинг, Кибербуллинг» алдын алу мақсатында бейнебаян таратылды.

2 «А» класс оқушыларына «Менің отбасым» және «Кім жылдам» психологиялық ойындары жүргізілді. Мақсаты: есте сақтау және қабылдауларын зерттеуге бағытталған.

Кеңес беру бағыты бойынша: әкімшілік сұранысы бойынша  мектеп ішілік тізімде тұрған 3 оқушымен жеке жұмыстар жүргізіліп, кеңес берілді.  3 айға жоспар құрылып , жоспар бойынша жұмыс жүргізу бекітілді.

Класс жетекшінің ұсынысымен 2 оқушы жеке кеңес беруге алынды.

 Жағдайы төмен және ерекше назарда ұстауды қажет оқушылардың үйлерін мектеп әкімшілігімен бірігіп араланды.

Қазан айында мектеп оқушыларының арасынан ешқандай мінез-құлқында ауытқушылықтар байқалмады.

Қараша айы – Психодиагностика бағыты бойынша  Класс жетекшілермен бірге бақылау картасы жасалып  Стот әдістемесі (ЕНТБ) моб.топқа бақылау 9 А, 9 Б класс оқушылары арасында жүргізілді. Мақсаты: Әлеуметтік ортаға бейімделмеу көрсеткішін анықтау.  Оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты зерттеуге бағытталған Социометрия әдістемесі 5-11 кластардан алынды. «Кеттел» әдістемесі жүргізілді.әдәстеме барысында дарынды балаларымыз анықталды. 9 сынып оқушылары бойынша  —  42оқушыдан сауалнама алынды. Олардың ішінде 11 оқушы — интеллектуалдық, 20оқушы- спорттық, 11оқушы- шығармашылық.

Профилактикалық алдын-алу бағыты бойынша «Ерте жүктілік және оның салдары» тақырыбында 7-11 сынып қыздарына дәріс өткізілді.  Мақсаты : ерте жүктіліктің алдын-алу. Педагогтардан «Сіз эмоцияңызды басқара білесіз бе?» сауалнама алынды (34- ұстаз қатысты). «Халықаралық  зорлық -зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында 7 сынып оқушылыры арасында бимбилдинг ұйымдастырылды. 2 «А» сынып оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.Мақсаты: балаларға қатысты зорлық –зомбылықтың алдын-алу. Олардың түрлерімен таныстыру және ата-аналарға тренинг жүргізілді. Сол тренинг арқылы ата-аналар балалардың жағдайын түсінуіне мүмкіндік беру.

 «Қауіпсіз интернет» жадынамалар таратылды.

Түзету дамыту жұмысы бойынша

8 «А» сынып оқушыларына оқу мотивациясын анықтауға арналған «Ромашка» әдісі сурет салу ұсынылды.

Мақсаты: салынған суреттер арқылы оқушылардың оқу мотивациясын, ұстаздармен  қарым-қатынастарын анықтау.

8 «Б» класына «Мұнара» жаттығуы жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың ситуациялық жағдайлардан шығу мүмкіндігін бағалау және жағымды эмоциялық қарым-қатынасты нығайту

Қараша  айында мектеп оқушыларының арасынан ешқандай мінез-құлқында ауытқушылық болған жоқ.

Кеңес беру бағыты бойынша – мектеп әкімшілігінің ұсынысымен мектеп ішілік тізіме алынған 2 оқушымен психологиялық жұмыстар жүргізілу ұсынылды. 2 оқушыға арнайы 3 айға жоспар құрылып , бекітілді. Жоспар бойынша балаларға жұмыстар жүргізіліп, кеңес берілді.

Желтоқсан айы – Климов әдістемесі 9 кластарға жүргізілді. Мақсаты: кәсіби бағдарды анықтау.  Шыққан нәтижелермен оқушыларға таныстырылды.  

Профилактикалық алдын-алу бойынша-«Баламның психикалық денсаулығын қалай күтемін» тақырыбында 5 «А», 5 «Б» 5 «В» сынып оқушыларының ата-аналарына жадынамалар таратылды. 9-11 Сынып оқушылары арасында аудандық емхана гинекологімен бірігіп Жыныстық қол сұғылмаушылық, ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Ерекше білім алушы оқушылардың ата-аналарымен «Өзін-өзі басқару» тақырыбында бейнеролик ұсынылды.

Ағартушылық бағыты  бойынша . 11 сынып оқушыларынан « Менің болашақ мамандығым» тақырыбында тренинг жүргізілілді. Мақсаты: Мектеп бітірушілерді мамандық таңдауға бағыттау, ол таңдаған мамандығының халыққа тигізер пайдасы туралы ойларын айту.

Кеңес беру бойынша : класс жетекшінің сұранысы  және мектеп әкімшілігінің сұранысы бойынша 6 баламен жеке кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Желтоқсан  айында мектеп оқушыларының арасынан ешқандай мінез-құлқында ауытқушылықтар байқалмады.

                                               Педагог-психолог : Тайжан А.Ж

Қосымша ақпарат көздері